Шымкенттік құтқарушылар демалыс күндері 12 рет шығу жасап, халыққа көмек көрсетті

Шымкенттік құтқарушылар демалыс күндері 12 рет шығу жасап, халыққа көмек көрсетті
Осындай жұмыстардың бірі Шымкент қаласындағы 8 шағын ауданындағы Мамытова көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында атқарылды.
Ойын алаңында кішкентай қыздың аяғы темір торға қысылып, шығара алмай жатқан туралы хабарлама 14 мамырда «112» құтқару қызметіне келіп түсті.
Құтқару бөлімшесінің мамандары оқиға орнына тез арада жетіп барып , гидравликалық құралмен темірторды керіп, қыздың аяғын босатты. Медициналық көмек қажет болмаған қызды ата- анасына аман-есен тапсырды.
Сондай-ақ, бүгін Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы, аудан әкімдігі, мамандандырылған жасақ, қалалық орта сапасын бақылау басқармасының қызметкерлері бірлесіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Газ техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері де осы іс-шараға қатысып, Қайтпас-2 шағын ауданының тұрғындары арасында қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Үйдегі газ тұтыну жүйесінің заңдылығын түсіндіріп, ВДГО қызметкерлерімен келісімшартқа тұру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар Сырым батыр, Қаламбаев, Алтыбақан, Ибраимов, Молдабеков, Мырзабеков көшесінің тұрғындарына дауыс зорайтқыш құрылғысымен сақтық шаралары ескертілді. Тұрмыстық газ аса қауіптілікті білдіреді және газ плиталарды, баллондарды пайдалану ережесі мен өрт қауіпсіздігін бұлжытпай сақтауды талап етеді.
Бұдан бөлек, қала тұрғындары құтқарушыларға жылан аулау бойынша көмек сұраған. Барлық шақыртулар бойынша жедел-құтқару жасақтың мамандары барып, жыландарды ұстап, қауіпсіз аймаққа шығарды. Шымкенттік құтқарушылар жыл басынан бері 42 рет жылан аулаға шығып, 31 шақырту бойынша жыланды аулап, қауіпсіз аймаққа шығарды.
Басым көпшілігі жыланды аулау мамыр айында орын алып, құтқарушылар 35 рет шақырту алған. Ал демалыс күндері қала тұрғындарынан 14 рет жылан аулау бойынша хабарлама түскен. Оның ішінде 7 шақырту бойынша барғанда жылан табылмады. Ал қалған 7 шақыртуда құтқарушылар жыландарды тауып, қауіпсіз аймаққа шығарды.
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне халыққа көмек көрсету туралы хабарлама келіп түсті. Әл-Фараби ауданында Жангелдин көшесінің бойында тамырымен бірге ағаш құлады.


