Жаңалықтар

«Контрафакт» республикалық акциясы аясында шығармашылық одақтың өкілдерімен кездесу өтті

 «Контрафакт» республикалық акциясы аясында шығармашылық одақтың өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барасында авторлық құқық объектілерін тіркеудің және қорғаудың маңыздылығы талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан Әділет департаменті қызметкерлеріне қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі халықтың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы азаматтардың білімін арттыру, қоғамның контрафактілік өнімге төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізді.

Бүгінгі күні Қазақстанның нарықтық аймағында және де әлемде контрафактілік өнімдердің көлемі өсіп келе жатыр. Біздің қоғам жалған өнімдердің құрбаны болып отыр. Өнімді сатып алушы өзінің қаржысын үнемдеу мақсатында, өнімнің қымбат емес көшірмесін сатып алғысы келеді, бірақ алаяқтар жалған өнімді түпнұсқа деп алдап, оны өз бағасында сатып жібереді. Осындай жағдайлардың алдын алу, өскелең ұрпаққа түсіндіру- біздің міндет болып табылады.

Бүгінде еліміз бойынша осындай атпен акция өткізілуде. Зияткерлік меншікті қорғау индикаторын жақсарту басты міндеттердің бірі болып отыр. Кәсібін жаңадан бастағандарға түсіндіру, насихаттау жұмыстары қарқын алған.

Соңғы кездері контрафакт туралы көп айтылып жүр, латын тілінде contrafactio – жалған деген мағынаны білдіреді. Тауар белгілерін заңсыз пайдалану, бөтен брендтер қолдану, авторлық құқықтардың бұзылуы, бағдарламалық өнімдерді, аудио және видео жазбаларды заңсыз түрде көбейту, нарықта жақсы өтетін тауарларды жалған жасау контрафактіге жатады. Контрафакт брендттік тауарларды құртады. Әдетте, желілік немесе фирмалық дүкендерге контрафакт тауар түспейді. Сұр немесе параллельді импорт – құқық иеленушілердің жоспарларын шатастыру, санкцияланған тауардың өзге елге тасымалдануы. Сұр импорттың әр түрлі акторлары бар: ұсақ сауда фирмалары, ірі көтерме сауда компаниясы, алып – сатарлар және тіпті қайырымдылық қорлары.
Белгілі брендті жамылып, өз бетінше тауар таңбасына еліктеу, басқа өнім, бірақ атауы бойынша өте ұқсас және сыртқы ресімдеуге арналған танымал бренд, ол тұтынушыны жаңылыстыратындай етіп жасалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button