Жаңалықтар

Діни адасушылықты болдырмау ортақ борышымыз

Бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның оқушыларына діни танымдығын арттыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты – жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу.

Кездесуде Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат пен Көбей Дәулетұлы қатысып, дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ кереғар діни ағымдардан сақтану жөнінде сөз етіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты ақпараттарды бөлісуге немесе жарияламауға шақырды.

Сондай-ақ, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК студенттеріне діни танымдығын арттыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Мақсаты – жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.

Кездесуде Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Бекеулов Серік Мәдіханұлы және Жұмаділлә Бексұлтан қатысып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі түрлі діни сурет немесе видеоларды таратпауға шақырды.

Кезекті шарамыз Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Есірткіге жол жоқ” тақырыбында М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледж студенттерінің қатысуымен кездесу өтті.

Тұрмыстағы зорлық зомбылық, өзге кереғар діни ағымдардан сақтану, құқық бұзушылық жәнк ерте жүктіліктің алдын алу бағытында өткен кездесуге Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты Әлеуметтік қорғау мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Бахтияр Салиев, «Бақытты жанұя» орталығының психологы Назерке Бегалиева, Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция аға инспекторы полиция майоры Хабйбулла Юсупов және Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінің қызметкері Ерғали Қарымбек қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button