Жастарға дұрыс діни ақпарат беру маңызды

Қазіргі таңда еліміздегі кейбір жастарымыздың теріс діни ағымға еріп, саналарының көз алдымызда улануы ойландыратын мәселе болып отыр. Діни ағымдардың кейбір жастардың рухани білімге деген ынтасын теріс бағытқа, өзге мәдениет пен теріс құндылықтарды насихаттап, жастар арасында діни саутсыздық тудырып жатқан жағдаяттары орын алып келеді. Өркениетінің алыстығы теріс жолға түскен жастарымызды ортаға сіңімділігін төмендетіп, өз алдына орта қалыптастыруға алып келетіні сөзсіз. Сонымен қатар ол орталарда қосалқы мәдениет қалыптастыратынын да жоққа шығара алмаймыз. Бұл жерде діннің атын жамылған ағымдардың діни-психологиялық және әлеуметтік тартымдылығы өз алдына бөлек мәселе.
Жастар ресурстық орталығында Қазақстан діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен, Шымкент қаласының және ҚМДБ Шымкент өкілдігінің бес жылдық мерей тойы мен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Жастар және руханият» аймақтық танымдық жастар форумы өтті. Мақсаты – жастарды толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті білім алып, ел игілігі үшін қызмет етуге және деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтануға шақыру.
Форумға ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Б.Абдрахманов және Шымкент қаласының бас орынбасары, дінтанушы-магист М.Естеміров, «Қаратау дәстүрлі өнер» мектебінің ұлағатты ұстазы, термеші К.Шал ақын мен қала жастары қатысты.
Аймақтық танымдық жастар форумы барысында жастарға білім алу, үлкенді құрметтеу, отансүйгіштікке, салт-дәстүрімізді сақтау шақыру жөнінде сөз қозғалды. Сонымен қатар, әлеуметтік желінің зияны мен оны дұрыс пайдалу жолдары түсіндірілді. Жиын соңында дін өкілдері жастармен кері байланыс орнатып, сұрақтарына жауап берді.
Келесі кездесу М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі студенттері арасында жастардың діни танымдығын арттыру бағытында түсіндірме жұмыстарымен жалғасты. Мақсаты – жастарды теріс діни ағымдардан сақтау, ата-ананы құрметтеу және жақсылық жасай білуге баулу.
Кездесуде Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат қатысып, оқу ордасының жастарына деструктивті діни ағымдардың қоғамға кері әсері мен зиян тұстары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



