BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Алматы облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан №203 жолаушылар автобусының жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 маусым күні «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 24-шақырымында болған.

«54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ», – делінген полиция хабарламасында.

Back to top button