BasNewsЖаңалықтар

23 жастағы қыздың денесін бөлшектеп, балконға тастап кеткен күдікті ұсталды

Ресейде 23 жастағы қызды өлтіріп, оның денесін бөшкеге салып, өзінің пәтерінің балконына қойып кеткен. Күдікке бірге тұрған жігіті ілінуде, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі МК басылымына сілтеме жасап.

23 жастағы Великий Новгород тұрғынының анасы қызының қоңырауларға жауап бермей, жоғалып кеткені туралы арызбен полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары оның пәтерін тінткен кезде көргендері тіпті тәжірибелі тергеушілерді де шошытты.

Бойжеткен тұрған пәтерде полицейлер балконнан темір бөшке тауып алған. Оның ішінде целлофанға оралған дене болған. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу органдары қылмыстық іс қозғады.

Жергілікті полиция мәліметінше, оқиға маусымның басында болған, дегенмен көршілері жас қыздың жұмбақ жағдайда жоғалып кеткеніне қарап, құқық қорғау органдарына хабарлаған. Жедел қызмет өкілдері бойжеткеннің денесін тапты, күдікті ұсталды.

«Менің оның көзіне шөп салғанымды біліп қояды деп қорықтым. Сол сәтте не істейтінімді білмедім», – дейді жігіт.

Back to top button