BasNewsЖаңалықтар

Астанада Яндекс курьерлері ереуілге шықты

 Астанада «Яндекс» компаниясының курьерлері ереуілге шықты. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 9 шілде күні кешкі сағат 21:00-де EXPO аймағында «Яндекс» компаниясының курьерлері жиналды. Олареңбек шарттарына наразылық білдірген. Мопед мінген жас жігіттер Қабанбай батыр көшесімен жүріп, Тұран даңғылы бойындағы орталық саябақтың кіреберісіне барды.

Полиция жол қозғалысына кедергі жасаған курьерлерді жауапқа тартты.

«Полиция жол қозғалысына айтарлықтай кедергі жасаған курьерлерді тоқтатып, мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізді. Сол жерде акцияға қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – дейді тәртіп сақшылары.

«Яндекс» компаниясының курьерлері Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 615-бабы, 1-бөлігі (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы) бойынша жауапқа тартылды. Осы әрекет үшін 2 АЕК (6 900 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Back to top button