Түркістан облысы

ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы басталды

1 шілдеде үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.

ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл ҮЕҰ әлеуетін нығайту, қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыруға мотивацияны арттыру үшін институционалдық қолдау.

Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 бағыт бойынша беріледі. Бір бағытқа арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды.

Айта кетсек, соңғы 6 жылда 341 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлестерін көрсетіп, сыйлықақы иегері атанды.

Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді қатысып, өз қызметі саласында көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге түбегейлі үлес қосып, жаңашыл идеяларды белсенді іске асырса – үздік ҮЕҰ арасында өтетін конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 1 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18:30-да (Астана қаласы уақытымен) аяқталады.

Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша білуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/489301?lang=ru

Back to top button