Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 13 шілдеде Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, құмды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде оңтүстік-батысқа ауысады 3-8, күндіз секундына 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 36-38 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 35-37 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 40-42 градус жылы болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 21-26 градус жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың шығысында 41 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.
Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 9-14, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 28 градус жылы.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, күндіз 25-30 жылы. Атырауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 26-28 жылы.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, солтүстікте, шығыста секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың шығысында 15, күндіз 30-35, облыстың батысында 27 градус жылы.
Қостанай облысының солтүстік жартысында жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 33-38 градус қатты ыстық болады. Қостанайда бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 градус жылы.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метр, екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде 21-26 градус жылы, күндіз 30-35 градус жылы, облыстың шығысында 38 градус жылы.
Қарағанды облысының солтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, оңтүстікте, облыс орталығында 25 градус жылы, күндіз 32-37 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 40 градус жылы.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, күндіз солтүстікте, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25 градус, күндіз 33-38 градус, оңтүстікте, облыс орталығында 41 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.