Жаңалықтар

Шымкентте халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған концерттік іс-шара өтті

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті. Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет.  Шымкенттегі «Арбат» демалыс аймағында Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының және «Жастар ресурстық орталығы» мамандарының ұйымдастыруымен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған концерттік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға, қала тұрғындары мен қонақтары, Психикалық денсаулық орталығының дәрігерлері, Жастар ресурстық орталығының мамандары, әкімдік қызметкерлері мен Полиция департаментінен келген тәртіп сақшылары қатысты.

Мерекелік шарада алғаш сөз кезегі Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев пен Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арман Ақшораевқа беріліп, айлық іс-шараларға белсене атсалысқан азаматтарға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Марапаттау рәсімінің соңы, тұрғындар үшін әзірленген концерттік бағдарламаға жалғасты. Онда, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ сақшылары, кинология қызметі орталығының мамандары, жас спортшылар мен әсем үнді әншілер өнер көрсетіп, мегаполис халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков: – Есірткі қылмысына қарсы күресті тек айлық іс-шаралар шеңберінде ғана өткізумен шектелмейміз. Біз, тәртіп сақшылары аталған қылмыстың алдын алу және оның жолын кесу бағытында үздіксіз еңбек етеміз. Өйткені ұлт саулығына барлығымыз теңдей жауаптымыз,- деді.

Сондай-ақ, халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында тәртіп сақшылары мен «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өткізілді. Оған құқық қорғау қызметі және партия өкілдері, жастар мен еріктілер жұмылдырылды. Аталған акция аясында олар бірлесе отырып есірткі заттары насихатталған және жарнамаланған орындарды анықтап, оларды жою жұмыстарын жүргізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button