Жаңалықтар

Есірткіні жарнамалау және насихаттау деректерінің алдын алу мақсатында сауда нүктелерінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және еріктілер есірткіні жарнамалау және насихаттау деректерінің алдын алу мақсатында сауда нүктелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Оның ішінде сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген адамның сезімі мен түйсіктеріне бейсаналық әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны айтылып, кәсіпкерлерге ақпараттық жадынамалар таратылды.

Синтетикалық есірткінің адам ағзасына зияны туралы айтылып та, жазылып жатыр. Осыған қарамастан  жастар арасында аталған есірткіні қолданушылар қатары күн санап өсіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұл мәселе баса айтылды.
“Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде.  Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқан. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастады. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып  жатыр. Есірткіні, тіпті, үйге әкеп беретіндер бар. Бұл-аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел.
Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс. Сондықтан, Нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет”- деді Президент.
Есірткімен күрес – қоғамдағы маңызды міндеттердің бірі саналады. Елімізде синтетикалық ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар есірткінің қай түрі болса да адамның ағзасын улап, тәуелділікке душар ететіндігін нарколог дәрігерлер айтып түсіндіруде. Яғни синтетикалық есірткіден өсіп келе жатқан жастарды қорғаудың маңызы зор.

Басқа жаңалықтар

Back to top button