Жаңалықтар

Көпқабатты тұрғын үйлерде тұрмыстық газды пайдалану қауіпсіздігі  

Еңбекші аудан әкімдігімен қысқы жылу маусымында өрт қауіпсіздік шараларын орындау және улы газбен уланудың алдын алу бойынша профилактикалық жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес, 2023-2024жж. жылу маусымында газбен уланудың алдын алу, қауіпсіздік ережелері бойынша күнделікті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылып, реестр түзілуде.

Сондай-ақ, жыл басынан бері аудан тұрғындарымен 290 жиналыс өткізіліп, үй ішілік газ жабдығына сервистік қызмет көрсетуші мекемелермен  келісім-шартқа тұру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, «Оңтүстік» шағынауданында 1700 абонент, «Цементшілер» шағынауданында – 22 көпқабатты тұрғын үй,                         11 шағынауданында – 27, 12 шағынауданында – 38 көпқабатты тұрғын үй газ жабдығына сервистік қызмет көрсетуші мекемелермен келісім-шартқа тұрды.

Еңбекші ауданы аумағындағы табиғи газбен жабдықталмаған, тұрмыстық қажеттілік үшін газ баллондарды қолданатын Қ.Сарымолдаев (Гидролизный) №1Б, Қаратөбе тас жолы №34, Ш.Уәлиханов №243 көпқабатты  тұрғын үйлер орналасқан.

Жоғарыда аталған көпқабатты тұрғын үйлердегі тұрғындарға Еңбекші аудандық прокуратурасының, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы  және бақылау, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармаларының, Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар басқармасының және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ-ның  мамандарымен бірлесе көпқабатты тұрғын үйлерге тұрғындар өз есебінен табиғи газ құбырларын жүргізетін лицензиясы бар мекемемен келісім-шарт жасап, газ жүйесін жүргізу қажеттігі жөнінде тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар жалғасын табуда.

Ағымдағы жылдың 13-сәуір және 20-мамырда Шымкент қаласы бойынша улы газбен (жылыту пештерінің) улану фактілерінің алдын-алу бойынша бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес, аудан аумағында орналасқан Елшібек батыр көшесі №112а,114а,116а және Ш.Уәлиханов көшесі №186а көпқабатты тұрғын үй тұрғындары арасында «Газ жабдықтарын пайдалану, тексеріп отыру және улы газбен уланудың алдын-алу» жөнінде «ҚазТрансГаз Аймақ» өкілдерімен бірлесе үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Насихаттау барысында тұрғындарға пәтер ішілік газ жабдықтарындағы кемшіліктер көрсетіліп, реттеу қажеттілігі түсіндірілді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button