Жаңалықтар

Орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Өрт қауіпті кезеңінің қарсаңында ҚР Төтенше жағдайлар мен Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің бірлескен жоспары негізінде «Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету  жөніндегі іс-шаралар жоспары» түзіліп бекітілді.

Сонымен қатар, жоспарлы іс – шараларды өткізу шеңберінде ағымдағы жылдың 7 сәуірінде қалалық Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысында «Орман және дала өрттерінің алдын алу» тақырыбында маңызды сұрақтар қаралып тиісті мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді.  28 сәуірде барлық мүдделі қызметтерді тарта отырып, шартты орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Бүгінгі таңда, ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1075,3 км құрайтын минералды жолақтарды құру жұмыстары толық көлемде жүргізілуде.  Табиғи өрттерге жедел ден қою мақсатында 405 адамды құрайтын 42 ерікті өртке қарсы топтар құрылып, дала өрттерін сөндіруге арналған арнайы қол құралдарымен  қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, Департаментте, болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника және 84 адам жеке құрамы ұдайы дайындыққа келтірілген.

Қаламыздағы өзекті мәселелердің бірі, бұл республикамыздың ұлттық парктерінің қатарына кірген Дендросаябағы. Өткен жылы саябақ аумағында өрт қауіпсіздігі бойынша іс шаралар өткізілмегендіктен, атап айтқанда, құрғақ шөп пен құраған талдарға ору мен жою жұмыстары жүргізілмегені салдарынан 3 өрт орын алды.  Өрттерді дер кезінде байқап, жоюға жедел ден қоюлуының арқасында материалдық шығынға жол берілмеді. Департамент инспекторларымен Дендросаябағында өрт талаптарының сақталуына тексеру жүргізіліп, бір қатар бұзушылықтар анықталып, оларды тез арада жою жөнінде ұйғарымдама берілді.

Осыған орай, аталған жағдайды биылғы өрт қауіпті кезеңде болдырмау мақсатында құзырлы органдардың басшылары бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарымдаманың талаптарын дер кезінде орындалуы бақылауға алынған. Жалпы азаматтық қорғау органдарының күштер мен құралдары өрт қауіпті кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға дайын!

Басқа жаңалықтар

Back to top button