Жаңалықтар

Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды

«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығының 10-тармағы 3) тармақшасының 3 абзацын орындауда «Қызмет бабында пайдалану үшін» (бұдан әрі – ҚБП) деген белгісі бар құжаттардың электрондық форматқа көшірілуіне қатысты хат Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен келіп түсті. Осы орайда министрлік тарапынан аталған тапсырманы орындау шеңберінде ҚБП-ның сұлбасы әзірленді. Алдағы уақытта орталықтандырылған бұлтты құжат айналымына ҚБП-ның модульін қосу бойынша жұмыстар атқарылып, 2023 жылдың соңына дейін аталған модуль іске қосылатын болады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Қала әкімінің төрағалығымен өтетін аппараттық мәжілістерді бейнеконференцбайланыс және қолжетімді онлайн-сервистер арқылы өткізудің басымдығын қамтамасыз ету мақсатында True Conf  бағдарламасы іске қосылған. 2022 жылы бағдарлама арқылы 20 дан астам жиналыс онлайн форматта ұйымдастырылды.

Айтып өтейік, sifro заманауи бағдарламалау мектебінде 1650 маман бағдарламалау курстарынан өтетін болады. 2022 жылы Байдибек би, 116 мекен жайы бойынша SIFRO заманауи бағдарламалау мектебі ашылды. Нәтижесінде 2022 жылы 520 жас маман оқытылды. Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 3 есе артатын боламыз. Яғни, 1650 маман бағдарламалау курстарынан өтетін болады. Оның ішінде 50 маман «Техорда» грант арқылы оқитын болады. Мектеп мобильді қосымшалады әзірлеу, веб бағдарламалау, gameDev, 2/3D анимация және SGI технологиясымен қолдану курстарын қамтиды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button