Шымкент

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі жүзеге асырылып келеді

Жалпыға бірдей декларациялау бұл – көлеңкелі экономикамен күресуге бағытталған, жүзеге асырылуы 4-кезеңмен қарастырылған жүйе болып табылады.

Салық заңнамасында жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңге бөлінген. Оның бірінші кезеңі бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік лауазымдарды тікелей атқаратын адамдар және оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайларыдекларация тапсыруда.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларациялаудың екінші кезеңі жүзеге асырылып келе жатыр. Екінші кезеңде квазимемлекеттік сектордың, білім беру, мәдениет, спорт саласының мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері тапсыратын болады. Олар, балабақшалар, мектептер, ауруханалар. Квазимемлекеттік сектор дегеніміз бұл – құрылтайшысы және қатысушысы мемлекет болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар, ЖШС-тер, АҚ-дар, ұлттық компаниялар, холдингтер.

Келесі, үшінші кезең 2024 жылы басталады. Салық декларациясын  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшылары мен құрылтайшылары,  дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсыра бастайды.

Төртінші кезеңде 2025 жылдың қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау ҚР қалған барлық санаттағы азаматтары қамтылады.

250.00 салықтық есептілік нысаны екінші кезеңде 2022 жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша тапсырылады.

250.00 салықтық есептілік нысанының негізгі бөлімдерінде:

– шет мемлекетте тіркелген мүліктер және көлік құралдары;

– ҚР аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктер шоттарда жиынтығы 1000 АЕК-тен асатын ақшаның бар-жоғы;

– басқа мемлекеттердегі жарғылық капиталдағы үлесі;

– ҚР-да және ҚР-нан тыс жерлердегі жылжымайтын мүлік құрылысына үлестік қатысуы;

– инвестициялық алтындары;

– зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық;

– бағалы қағаздардары;

– ҚР-да және ҚР-нан тыс жерлердегі инвестициялық қорлардағы пайлары;

– дебиторлық және кредиторлық берешектері;

– сенімгерлік басқарудағы мүліктер;

– 10 000 АЕК мөлшерінен аспайтын мөлшердегі қолма-қол ақша;

– бағалау құны 1000 АЕК-тен асатын басқа да мүліктерді көрсетуге болады (картиналар, зергерлік бұйымдар және т.б) көрсетілуі тиіс.

 

Back to top button