Жаңалықтар

Шымкент қаласында «Мейірім-жүректен» акциясы аясында жасөспірімдерге профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Қасымбекұлы прокуратура органдарының 6 айдағы атқарған жұмыстары төңірегінде өткен баспасөз брифингте айтты.

«Қазіргі таңда өмірге көзқарасы қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына отбасындағы берілген тәрбие, ата-ананың балаға көңіл бөлуі тікелей байланысты. Қоғам кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататынын да кездестіріп жатамыз. Жасөспірімдермен қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, оқу орындарында тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, экономикалық жағдай, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуінен т.б.

Соңғы жылдары жастар арасында қылмыс жасау көбейді. Көбінесе қылмыстың мына түрлері жиі кездеседі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, жарақат салу, қарақшылық және алаяқтық. Жасөспірімдер қылмыс жасау барысында келеңсіз жағдай бола қалса адам өлтіру, ауыр дене жарақатын, қарақшылық жасауға дейін барады. Кәмелетке толмағандардың жасайтын қылмыстардың арасында ерекше орын алатыны бұзақылық. Кәмелетке толмаған кылмыскердің мінездемесін занды білмегенмен түсіндіруге болады. Бұл біріншіден жалпы халықтың құқтық сауатсыздығы, екіншіден жасөспірімдердің өздері заңға немқұрайлы қарауы, заңды толық білмеуі, олардың әділеттікке сенбеуін туғызады. Соңғы кезде кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстардың өсіп кетуі себебі – экономикалық жағдайлардың нашарлауы және қоғамның қысымы деген тұрақты ой қалыптасуда. Жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі балалардың бос уақытын ұйымдастыра алмауынан туып отыр. Зерттеулерге жүгінетін болсақ сотталғанға дейін жасөспірімдердің бірнеше қылмыс жасайтыны белгілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button