Заңсыз және заң талабын бұзып салған құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 2023 жылғы 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы басқарма басшысы Нұрдаулет Құрбанбекұлы баяндайды. Баспасөз конференциясы Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысумен өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын және жер кодексінің талаптарын бұзғаны үшін, Басқарма тарапынан 2023 жылдың 1 жартыжылдығында жалпы 191 (сапасына қатысты – 17, заңсыз құрылыстарға қатысты – 165 , үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзу бойынша – 9) құрылыс объектілері бойынша 501 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (91 799 675 теңге).
Оның ішінде: қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты – 165 құрылыс объектілері бойынша 475 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды
(81 575 925 теңге).
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес заңсыз және заң нормалары сақталмай жүргізілген қала бойынша 31 құрылыс нысандарын мәжбүрлеп бұзу туралы тиісті құжаттар сотқа жолданған. Бүгінгі күнге 13 сотта қаралуда, 18 мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шыққан, оның ішінде: 8 сот орындаушы палатасына жолданған; 4 сот шешіміне сәйкес мәжбүрлеп бұзылды; 6 аппелициялық сотта қаралуда.
Үй ішілік газ құрылғыларына (жабдықтарына) қызмет көрсететін мекемелері (ВДГО) бойынша Шымкент қаласының «109 I-көмек» ситуациялық орталығымен интеграциялау жұмыстары жүргізілген, тұрғындардың ВДГО мекемелері бойынша түскен өтініштері үнемі бақылауда екені атап айтылды.