Жаңалықтар

«Балаларды жалғыз қалдырмаңыз!» акциясы аясында бірлескен профилактикалық рейд өтті

Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Балаларды жалғыз қалдырмаңыз!» акциясы аясында бірлескен профилактикалық рейд өткізді.

Іс-шараға Жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысып, аудан аумағында орналасқан «Холодильник» демалыс аймағындағы демалушылары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Сонымен бірге Жұлдыз мөлтек ауданының тұрғындарына шомылу маусымында су айдындарына түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтап, басты назарды жас балаларға аударуды ескертті.

Көрнекі құралдарды табыстап, ата-аналарға, жасөспірімдерге судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Жазатайым оқиғалардың көпшілігі суға байланысты болып табылады. Олардың басым көпшілігі өзін-өзі ұстау мен қарапайым қауіпсіздік шараларын елемеуден туындайды. Су айдынындарында суға тұншығу жағдайлары өкінішке орай өте жиі кездеседі. Белгісіз су қоймасында шомылудың соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін: я боламаса су түбінде жатқан заттар сізді жарақаттауы ықтимал.

Дененің құрысып қалу жағдайы – судағы ең көп таралған себептердің бірі. Егер сіз бір аяғыңыз тырысса екінші аяғыңызбен жүзуге мән бергеніңіз абзал.  ИЯ, тәжірибелі жүзгіш аяқ немесе қолдың көмегінсіз де біршама жер жүзе алады, бірақ бұл жерде құрысу өте күшті болуы ықтимиал және адам кенеттен ауырсынуды сезінуі мүмкін. Суға батудың ең басты себептерінің бірі адам су жұтып қояды. Сондай-ақ адам бірден суық суға түскенде құрысулар орын алады.  Су түбіндегі әртүрлі заттарға (бөренелер және т.б.) соқтығысу салдарынан көбінесе адамдардың батып кету жағдайлары орын алып жатады.

Ал оған адамның сасқалақтап дүрбелеңге түсуі  қауіпті күшейте түседі. Мысалы: адам алысқа жүзіп, кейіннен қорқып немесе судың тереңдігін сезініп дүрбелеңге түсуі ықтимал. Әдетте тәжірибесіз жүзушілермұндай жағдайлармен жиі ұшырасады.

Сырт көзге жайбарақат ағып жатқан секілді болып көрінетін қарапайым судың өзінде су бұрқақтар мен су асты ағындары болуы ықтимал. Ал мұндай жағдайды топшылай бәлмеген жанға қауіп төнуі ықтимал.  Әрине су ағыны батыра қоймаса да, адамды жағадан біршама алысқа ұзатып алып кетуі ықтимал. Сондай-ақ, сіз желді күндері шұғыл пайда болатын  тұншықтырғыш алып толқындар туралы ұмытпағаныңыз абзал.

Басқа жаңалықтар

Back to top button