Жаңалықтар

Электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша дөңгелек үстел өткізілді

​         Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі электрондық мемлекеттік қызметтер мәселесі бойынша Шымкент қаласының жеке нотариустары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Электрондық қызмет көрсету барысында өтініштерді беру және тіркеудегі мәселелері шешіліп, ары қарай электрондық қызмет көрсетудің сапасын арттырылуы айтылды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының заңгерлерімен 2023 жылдың 5 айында жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерге енгізілген ұсыныстарға сәйкес қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі талқыланды. Әділет органдарымен Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңның 14-бабына сәйкес заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізіледі.
Семинар барысында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының басшыларына Құқықтық мониторинг бойынша жұмысты күшейту және ережелері ескірген немесе жоғары деңгейдегі актілерге қайшы келетін нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға уақтылы сәйкестендіруді қатаң бақылауға алу ұсынылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы сұрақтар түсіндірілді. Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шымкент қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының Еңбекші ауданы бөлімінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында оқыту семинар өткізді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қабылданған құжаттардың мерзімдерінің орындалуы талқыланып, электронды мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері түсіндірілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button