Құтқарушылар қалалық су айдындарында рейд жүргізді

Шымкент қаласының аумағындағы су айдындары бойынша тұрақты рейдтерді барлық мүдделі қызметтер – ТЖ департаменті, Жергілікті полиция қызметі, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
Мереке және демалыс күндері мобильді топтар 65 профилактикалық рейд өткізді. Құтқарушылардың ерекше бақылауында шомылуға рұқсат етілген де, арналмаған да орындар бар. Атап айтқанда, су объектілерін бақылау кезінде демалушыларға қауіпсіздік мәдениетінің болмауы және жүріс-тұрыс ережелерін бұзу қайғылы жағдайларға әкелетіні айтылады.
Құрамына Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері, құтқарушылар, полиция және әкімдік қызметкерлері, «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының және Жастар ресурстық орталығының еріктілері кірген мобильді топтар Қошқар Ата, Қарасу, Сайрам-су өзендерінің бойында, Бадам, Тоғыс, Ақжар су қоймалары маңында рейдтер жүргізді. Аталған су айдындарының ішінде ең танымал орын-Қошқар Ата өзені, оның бастауында жүзуге рұқсат етілген. Сондықтан ыстық ауа-райында қала тұрғындары күн мен су процедураларын алу үшін келеді.
Бадам өзенінің бойында жүзуге тыйым салынған және тыйым салатын белгілер орнатылған профилактикалық рейд кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы «су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша Шымкент қаласы ТЖ департаменті АҚ басқармасының қызметкерлері қала тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты.
ТЖ қызметкерлері демалушыларға жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін судың жанында қауіпсіз демалу ережелерін еске салды. Рейд барысында балалары бар ата-аналарға ерекше көңіл бөлінді.
Қауіпсіздік ережелерін елемеу, балаларды қараусыз қалдыру, алкогольдік ішімдіктер ішу – судағы жазатайым оқиғалардың басты себебі. Құтқарушылар әр ата-анадан ешбір жағдайда балаларды көзден таса етпеуін сұрады. Балаларға қоршаулардан немесе жағалаудан сүңгуге болмайды деп түсіндірілді. Сонымен қатар, олар суға батып бара жатқан адамды көргенде өзін қалай ұстау керектігін айтты. Балалардың жауабы анық болды-құтқарушыларды 101 немесе 112 телефондары арқылы шақыру.



