Жаңалықтар

Шымкентке алғаш келген Өзбекстан азаматы туристік полицияның қызметіне жүгінді

Шырайлы шаһардың әсем жерлерін аралау мақсатында көршілес Өзбекстан Республикасынан Шымкентке бірінші рет келген 20 жасар жігіт мегаполис полицейлерінің көмегіне жүгінді.

Қаладағы тамақтану орындары мен әсем жерлер туралы тұрғандардан түрлі бағыт-бағдар алып, әбден шатасқан турист «Арбат» демалыс аймағындағы полиция бөлімшесіне келді.

Онда, туристік полиция қызметкерлері қонаққа өзбек тілінде қызмет көрсетіп, мегаполистегі тамақтану орындары, сауда үйлері мен демалыс аймақтары туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, қала қонағына ақпараттық жадынамалар табыстап, кез-келген уақытта көмек беруге дайын екендіктерін жеткізді.

Өз кезегінде, саяхатшы жігіт қонақжай өлкенің ашық-жарқын тәртіп сақшыларына жылы лебіз бірдіріп, саяхатын жалғастыру үшін, А.Асқаров атындағы дендросаябаққа жол тартты.

Шымкенттік полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды. Тұран АПБ-ның “102” арнасына көпқабатты үйдің терезесінен жас қыз секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция полкінің автоэкипажы жіберілді. Тәртіп сақшылары келген кезде қыз ғимараттың сыртқы қабырғасында орналастырылған кондиционер блогында отырған. Инспектор Бектұрсын Балықбаев пен Ержан Сағындықов оны секірмеуге үгіттеп, райынан қайтаруға тырысып жатқанда Жүнісқожа Қоңырбаев қолайлы сәтті пайдаланып, оны ұстап алып, пәтерге тартып кіргізді. Қала тұрғыны зардап шеккен жоқ, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Белгілі болғандай, ол жеке мәселелеріне байланысты өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

– Қызмет барысында түрлі жағдайларға тап боламыз. Әрқашан азаматтарға көмектесуге және олардың қауіпсіздігін қорғауға басымдық береміз. Бүгін дер кезінде орын алуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алдық. Біз үшін бұл ерлік емес, бұл біздің жұмысымыз. Антқа адалдық дегеніміз – адамдарды қорғау және құтқару. – дейді Жүнісқожа Темірханұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button