Шымкент

Қаратау ауданы: Жастарға психологиялық кеңес берілді

Бүгін жастар ресурстық орталығының психологтарының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастары арасында «Жастар мен жасөспірімдердің мазасыздық деңгейін диагностикалау» тақырыбында арт-терапиялық семинар-тренинг өтті.

Семинар мақсаты – жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету арқылы өз бойында сенімділікті қалыптастыру және түрлі психологиялық құбылыстардың алдын-алу.

Проблема ретінде жастар арасында кезігетін тұлғалық ерекшеліктер, қарым-қатынас жасау дағдыларының жеткіліксіз болуы, тұйықтық секілді түрлі жағдаяттардың шешімі қаралып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Семинар-тренинг соңында жастарға тақырып аясында арт-терапиялық ойындар ойнатылып, кері байланыс орнатылды.

Психологиялық қызмет өз іс – әрекетін психологиялық зерттеу, психопрофилактикалық, коррекциялық, дамытушылық және кеңес беру бағытында жүзеге асады. Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекциялық және психотерапия бір-бірімен тығыз байланысты. Оның үстіне тәжірибеленуші психологтардың өздері бұл салаларды араластырып алып жатады. Психологиялық кеңес беру барысында клиентке ықпал етудің басты құралы – жоспарланған әнгімелесу болып табылады. Оның көмегімен тұлғалар арасындағы қатынастарда орын алған неше түрлі қиындықтар мен психологиялық проблемеларды шешуге бағытталған жұмыс жүргізіледі.

Әнгімелесу кеңес беру, психокоррекция жән психотерапия жұмыстарында жиі қолданылады. Дегенмен, егер кеңес беру жұмысы бәрінен бұрын клиентке оның басқалармен қарым – қатынас мәселелерін реттеуге көмектесумен шектелсе, психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал негізінде жатқан адамның жеке мәселелерін шешуге бағытталған.

Психотерапиялық көмек клиенттің жеке тұлғалық проблемаларын шешуге бағытталған. Бұл жағдайда сананы шектей отырып ықпал жасалатын амалдар кеңінен пайдаланылатын болғандықтан ол тәсілдерді қолдануға өте қатты талаптар қойылады. Себебі, оң нәтижеге жету үшін психологиялық білім мен еңбектің жалпы принциптекрін түсіну жеткіліксіз.

Back to top button