Жаңалықтар

Жемқорлық-індет, онымен күресу-міндет

Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру жолында жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруды басты назарға алды. Жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі.

Осы мақсатта Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бірлесіп ауқымды жұмыстар атқаруда.

Департаменттің кадр саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №69 мекемесінің тергеу изоляторына экскурсияға барды.

Бұл іс-шара құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілді. Іс-шараға 20-дан аса қызметкерлер қатысты. Экскурсия барысында тергеу изоляторының аумағында сотталғандарды ұстау шарттары мен ғимараттың ішкі бөлмелері көрсетілді.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. Президент соңғы жылдары бірқатар маңызды қадам жасалғанына назар аударды. Соттардың сапалы қызмет атқаруы үшін нақты шаралар қабылданды.

– Жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылатын болды. Былтырдан бері жалпыға бірдей салық декларациясын тапсыруды бастадық. Осы және басқа да шаралар айтарлықтай нәтиже беріп, жемқорлық деңгейі төмендеді. Дегенмен, түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ. Мұны ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз әлі де күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келуде, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің тапсырмасы бойынша әзірленген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын бекітетінін мәлімдеді. Бірақ жұмыстың тиімділігі нақты нәтиже бойынша бағаланады. Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button