BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік ауқымда банан өсіріле бастады

Түркістан облысында жылыжайларда банан өсіріле бастады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Түркиялық GenGroup Qazaqstan ауданы 5,3 гектар болатын жылыжай кешенін салған. Мұнда өнеркәсіптік ауқымда банан өсіріледі.

«Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді. Жақында жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі», – делінген ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Жобаны жүзеге асыру үшін бірінші кезеңде 4 миллион доллар құйылған.

Back to top button