BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында банкоматты тонап, 13 млн-ға жуық ақша алған күдіктілер ұсталды

Алматы облысындағы Алмалыбақ ауылында банкоматтан 13 миллион теңгеге жуық қаржы ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше 14 тамызда 1988 жылы туған азамат арыз жазып, медициналық маска таққан екі ер адамның кілтті таңдау арқылы банкоматтан 12 миллион 882 мың теңге ұрлап кеткенін айтқан.

“Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркеліп,. А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылдары туылған, Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты. Азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды”, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді. Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Back to top button