BasNewsЖаңалықтар

Еуропаға Қазақстан арқылы өтпек болған шетелдік азаматтар ұсталды

Батыс Қазақстан облысында ҰҚК шекарашылары тоғыз адамды ұстады. Олар шекара асып, Еуроодақ елдеріне кіруге үміттенген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 тамызда ҰҚК Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері ҚР мемлекеттік шекарасын бұзушы тоғыз адамды ұстады. Шетелдіктер бақылау-өткізу бекетін айналып өтпек болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың түпкі мақсаты – Еуропалық Одақ елдеріне жету.

«17 тамызда Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының соты құқық бұзушыларды ӘҚБтК-нің 514-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартты», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері БҚО-да шекарадан өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталған.

Тамыздың басында БҚО-да мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін Қазақстанға турист ретінде заңды түрде ұшып келген және Қазақстан мен Ресей арқылы Еуропаға заңсыз өтпек болған бес шетелдік азаматтың ұсталғаны хабарланған еді.

Back to top button