Шымкент

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша он күнде 200-ге жуық адам жауапкершілікке тартылды

Отбасындағы жанжалдан басталып зорлық-зомбылыққа ұласатын әрекеттерден зәбір көретіндердің басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Қылмыстық статистика бойынша соңғы үш жылда тұрмыстық әлімжеттік көрген әйелдердің көрсеткіші 25 пайыздан асқан. Шымкент полициясының «102» арнасына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 191 шақырту келіп түсті.

Оның ішінде 10 шақырту бойынша жәбірленушінің арызынсыз, учаскелік инспектордың анықтауымен әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен 92 тұлғаға, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 31 адамға және ұрып-соғу бойынша 5 азаматқа қатысты тәртіп сақшылары әкімшілік іс қозғады.

Орын алған құқық бұзушылықтар бойынша дер кезінде жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агрессор 31 құқықбұзушыға қатысты 24 сағатқа әкімшілік ұстау шарасы қолданылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша әкімшілік істер сотқа жолдануда, қазіргі таңда сот шешімімен 14 ер адам әкімшілік қамауға алынды.

Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 112 тұлғаға қатысты «қорғау нұсқамасы» шығарылып, 1 ай мерзімге профилактикалық есепке алынды. Ал, 9 азаматтың мінез-құлқына сот арқылы ерекше талаптар белгіленді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап, мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға енгізілген өзгерістер өз күшіне енді.

Шымкентте косметикалық сөмкесінде есірткі сақтаған ару үш жылға сотталды. Полицияның 102 арнасына Еңбекші ауданының тұрғындары есірткі қылмысы туралы хабарламамен жүгінді.

Олар, өз кварталында есірткі орындарын іздеп жүрген жастарға шағымданды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бейтаныс жігіт пен қыз үлкендердің ескертуіне агрессиямен жауап берген. Шақырту бойынша оқиға орнына жедел топ барды. Тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде қыздың косметикалық сөмкесінен ұнтақ тәрізді заттар салынған 5 орама табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл жалпы салмағы 6 граммға жуық «мефедрон» синтетикалық есірткісі екені расталды. Тергеушілер аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі « аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену және сақтау» бойынша тіркеді.

Back to top button