Тәртіп сақшыларын байқаған заң бұзушылар тыйым салынған заттарды жасыруға тырысқан
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлык тек кеңауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі Қазакстанның маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байкалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретіндерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.
Нашақорлык таралуының кауіпі оның кайтарымсыздығында, жас тұрғындар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының денсаулығын зақымдауында, осыған байланысты оның медициналык және әлеуметтік салдарының маңыздылығында. Есірткілерді тұтыну деңгейіне қылмыстық істер, кайғылы окиғалар, жарақаттанулар, уланулар, кісі өлтірулер мен өзі өзіне қол жұмсаулар саны тікелей байланысты.
Шымкент полицейлері көліктегі «түтін кешінің» шырқын бұзды. Үш жігіттің оғаш әрекетін бейнебақылау камералары арқылы түнгі уақытта кезекшілікте болған жедел басқару орталығының инспекторлары байқап қалды. Орта жастағы ер адам көліктің жүк салғышында пластикалық бөтелкеден түтік жасап, достарының арасында есірткі шөбін шеккен. ЖБО-ның хабарлауымен оқиға орнына барған полиция қызметкерлері көңіл көтерудің шырқын бұзды.
Тәртіп сақшыларын байқаған заң бұзушылар тыйым салынған заттарды жасыруға тырысқан. Әсіресе, олардың арасындағы есірткі шеккені барын салды. Ол қағазға оралған марихуана мен түтіктің басын жұдырығына қысып жасырған. Абай АПБ-ның анықтаушылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы «есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, бейнебақылау камералары қылмыстарды ашуда және олардың алдын алуда үлкен рөл атқарады. Мәселен, соңғы аптада ЖБО камераларының көмегімен құқық қорғау органдары 8 қылмыстық құқық бұзушылықты ашты: ұрлық, тонау, бұзақылық және т. б.