«Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті
Өзара ынтымақтастық негізінде шымкенттік полицейлер мен «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты аймақтық филиалының өкілдері бірлесіп «Есірткіге жол жоқ!» акциясын өткізді.
Оған құқық қорғау қызметі және партия өкілдері, мәслихат депутаты, жастар мен еріктілер жұмылдырылды.
Аталған акция аясында қала тұрғындары мен жастарына арнайы ақпараттар жазылған жадынамалар таратты.
Атаулы іс-шараға қатысқан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков есірткі мен нашақорлық бүгінде ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіріп отырған үлкен мәселенің бірі болып табылатынын, онымен тек барлығымыз бірігіп жұмыс жүргізсек қана нақты нәтижеге қол жеткізе алатынымыз туралы жеткізді.
Есірткілерді кабылдаудың белгілері. Бұл белгілерді білу арқылы, Сіз балаңыздың кандай есірткіні қолданатынын білуіңізге болады.
Кез келген есірткілерді қолданудың белгілері:
- терісінің ағаруы;
- ұйкысының бұзылуы (мүлдем ұйыктамау немесе тым ұзақ үйықтау)
- тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу)
- сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз)
- көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының көлеміндей тарылуы)
- баланың терісінен және киімдерінен өзгеше иістің шығуы
- козғалу координациясының бұзылуы.
Бала тәртібінде келесі өзгерістер байкалады:
- жан жағындағы оқиғаларға бейтараптык;
- үйде болмау, мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі;
- есте сактау кабылетінің төмендеуі;
- сынағанды көтере алмау;
- себепсіз кенеттен баланың көңіл-күйінің ауытқулары;
- ақша сүрау, ақшаның жоқтығына көнбеу;
- үйден бағалы заттар, киім мен акшаның жоғалуы;
- белгісіз адамдармен жиі телефон арқылы сөйлесу;
Кейбір «дәлелдер»:
- денесінің кез келген жерінде, әсіресе білегінде тамырға жасалған инъекциялардың «көгерген» іздерінің болуы;
- белгісіз сұйықтар кұйылған құтылардың, таблеткалардың, резеңке бұраулардың, инелердің, капсулалардың, шприцтердің болуы.