Шымкент

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жауапты мамандары ПД-нің тергеу және анықтау басқармаларының жеке құрамымен кездесті

Шымкент қаласы ПД-нің мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеушілер мен анықтаушылар арасында сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі бойынша заң бұзушылықтарға жол бермеу және оны жою мақсатында ауқымды жиын өткізді.

Іс-шараға департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Ергешов төрағалық етті. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент бастығының орынбасары Рүстем Танабаев, превенция басқармасының бас маманы Жазира Альжанова және Шымкент қ. Арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Нұрлан Көлбаев қатысты.

Жиында, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тәртіп сақшылары тарапынан жол берілетін заң бұзушылықтарды анықтау, оларды болдырмау және түбегейлі жою бағытында жауапты мамандар баяндама оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуге қатысушылар өзара тақырыпқа қатысты талқылау жасап, мұндай шаралардың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, шара соңында тергеу, анықтау және жедел-криминалистика салаларының ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыс нәтижесі талқыланды.

Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Бұл бағытта бірқатар маңызды міндет атқарылған, атап айтқанда, Қазақстан халықаралық ГРЕКО ұйымына мүше болды, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы анықталған жағдайда оның басшысының қызметінен босатылуы заңмен бекітілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сараптау жұмыстары күшейтілді.

«Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек. Әзірге мен мұндай кешенді және түбегейлі жұмысты көріп отырған жоқпын. Шенеуніктер шеңбер жасап, бірінен кейін бірі ауысып жатыр. Ал жүйелі проблемалар шешілмеген күйі тұр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңесте сөйлеген сөзінде.

Back to top button