Шымкент

Шымкентте экс-медбике есірткі қойып жүрген жерінен ұсталды

Ғасыр дерті не айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінде күн тәртібіндегі ең басты мәселенің бірі болып келеді. Есiрткi жербетiн әбден жайлапалды. Кез келген мемлекеттiң алдында нашақорлыққа күрес ашық жарияланып отыр. Қазақтың тегiнде болмаған есiрткi қазiргi таңда есiрiп кеткен. Сарапшылардың пiкiрiнше, бiздiң елiмiз тiптi есiрткi саудасының жол торабына айналған. Жыл сайын есiрткi мен күрес шараларына бөлiнетiн қаржының көбеюiне қарамастан нашақорлар саны күннен күнге өсiп келедi.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қала аумағында психотроптық заттар қойып кетумен айналысқан қызды ұстады. «Жұмысқа» шыққан автоледи полицейлерді байқап, есірткі орамынан тезірек құтылу үшін, оны жолдың шетінде тұрған өз көлігінің астына лақтырып жіберген.

Жедел қызметкерлер буманың ішінен бір реттік 20 доза «синтетика» тапты. Сондай-ақ, ұсталған азаматшаның көлігінің салонын тексеру кезінде тағы бір шағын орам «гашиш» тәркіленді. Бұған қоса, оң жақ еден кілемшесінің астынан құпия орындарды қазуға арналған пышақ табылды.

Тергеушілер бұл жайтты Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша СДТБТ-не тіркеді. Бойжеткен жақында ғана медицина саласындағы қызметінен «отставкаға кеткені» белгілі болды.

«Қазір аталған жайт бойынша Еңбекші аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауда», – дейді есірткімен күресуші Бауыржан Қарбеков.

Сондай-ақ, полиция майоры есірткіні сату мақсатында заңсыз пайдалану бас бостандығынан айыру жазасына әкелетінін ескертті .

Нашақорлық – тұңғиық түбі, адамды елікті ретін аждаһаның бір басы. Дүниежүзі елдерін жайлап, күн сайын тамырын тереңге жайып, асқынып бара жатқан нашақорлықтың мұншалықты етек алуы неден деген сұраққа жауап іздеп көрейікші. Менің ойымша, оның басты себебі- еліктеушілік, отбасындағы тәрбиенің тізгіннен кетуі, немесе жанкүйзелісі, жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық болуы да мүмкін. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі – мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әртүрлі. Біріншіден, олар өз- өздеріне есеп беріп жатпайды.

Back to top button