Шымкентте қызметтік иттің көмегімен жоғалған 10 жасар бала табылды
Қаратау АПБ-ның 102 арнасына жергілікті тұрғын хабарласты. Ол кәмелет жасына толмаған баласын жоғалтып алғанын айтып, тәртіп сақшыларынан көмек сұрады.
Анасының сөзінше, жасөспірім отбасылық мәселелерге байланысты белгісіз бағытқа қашып кеткен. Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, келіншек полициядан көмек сұрады.
Шақырту бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды.Тәртіп сақшылары бала өміріне төнуі мүмкін қауіп-қатерді ескере отырып, шұғыл әрі жан-жақты іздестіруге кірісті.
Нәтижесінде, полицейлер қызметтік иттің көмегімен 10 жасар баланы 1 сағат ішінде қоғамдық аялдаманың артында жасырынып отырған жерінен тапты. Үйінің тұңғышы анасына аман-есен табысталды. Перзентінің өмірі үшін алаңдаған келіншек, тәртіп сақшыларына өз алғысын білдірді.
Шымкент полициясы, ата-аналарға балаларына мұқият болуды ескертеді. Оларға көп көңіл бөліп, мейірімдерін аямауға шақырады.
Білу маңызды!
Адам саудасының мақсаты:
– жезөкшелікпен айналысуға тарту, сексуалдық қанау;
– мәжбүрлі еңбекті пайдалану;
– қайыршылық сұрауға мәжбүрлеу;
– заңсыз бала асырап алу;
– трансплантация үшін адам ағзалары мен тіндерін алу
Адам саудасының белгілері:
– еңбек шартының болмауы, нормаланбаған жұмыс кестесі;
– түсетіне кіріс құжаттарын алу;
– қозғалыста бостандықты шектеу, қандай да бір адаммен әңгімелесуді бақылау;
– психологиялық қысым
Қылмыскерлер пайдаланатын ықпал етудің әдістері мен тәсілдері:
– алдау арқылы тарту;
– борышкерлік тәуелділік;
– бопсалау;
– физикалық зорлық-зомбылық немесе оны қолданумен қорқыту;
– адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру
Осындай қылмыстың құрбаны болмау үшін:
– өз құжаттарыңызды ешкімге сеніп тапсырмаңыз;
– өз құжаттарыңыздың көшірмелерін және шетелдегі жүрген жеріңіз туралы ақпаратты жақындарыңызға қалдырыңыз;
– шетелдегі жұмыс, оқу немесе неке туралы қызықтыратын ұсыныстардан аулақ болыңыз, сенімді ақпарат көздері арқылы қабылдайтын тарап туралы ақпаратты тексеріңіз;
– шығуға байланысты қол қоятын барлық құжаттарды егжей-тегжейлі зерделеңіз;
– бара жатқан елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілділігінің байланыс деректерін анықтаңыз
Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз 102 нөмірі бойынша немесе 116 16 сенім телефонына хабарлаңыз.
Қырағы болыңыз, өзіңізді алдауға жол бермеңіз!