«Қара су» арнасының бойында профилактикалық рейд өтті

Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан «Қара су» арнасының бойында профилактикалық рейд өткізді.
Қала тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелері бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы даярланған жадынама парақтары таратылды.
Судағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйелі профилактикалық рейдтер жүргізеді.
Құтқарушылардың назарында тек жабдықталған орындар ғана емес, сонымен қатар шомылуға арналмаған «жабайы жағажай» орындары да бар. Өкінішке орай, тыйым салынған орындардағы рейдтік іс-шараларда қала тұрғындарының шомылуы, демалысы, онда тақтайшалар орнатылғанына қарамастан тіркелуде.
Құқық бұзушылармен әңгімелесу барысында қауіпсіз демалу ережелері туралы еске салынды, жеке орындардың шомылуға жабдықталмағанына назар аударды, мұнда зерттелмеген және тазаланбаған орындарда жарақат алу қаупі үлкен, сондай-ақ суда қайғылы жағдай орын алған кезде көмек кешігіп келетіндігі туралы айтылды.
Шомылу маусымы басталғаннан бері құтқарушылардың Полиция департаментімен бірлесіп өткізілген патрульдеудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364 (жалпы су пайдалану қағидаларын бұзу) бабы бойынша 8 тұлғаға ескерту берілген, 412-бабы бойынша (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау) 8 тұлғаға 96 600 теңгеге, 440-баптары (спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу) бойынша 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 37 700 теңге сомасында айыппұл салынды.
Құрметті азаматтар, өзендер мен көлдердің жағажайларында тек арнайы жабдықталған жерлерде жүзу керек екенін ұмытпаңыз. Демалу кезінде судың жанында қалқымалар, қоршаулар және ескерту белгілерінен асып жүзуге қатаң тыйым салынады, бөгеттерден, айлақтардан, қайықтардан суға секіруге болмайды, белгісіз жерлерде шомылуға және сүңгуге болмайды, қалқымаларға және басқа да техникалық құрылыстарға көтерілуге, жалған апат белгілерін беруге, құтқару құралдарынсыз қайықтар мен катамарандармен жүзуге, мас күйінде шомылуға болмайды.



