«Жемқорлыққа жол бермеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Кез келген дамыған қоғамда жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бірден-бір күрделі және маңызды мәселе.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы “Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарын” орындау мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж. Әлжанова, “Ислам жолы” мешітінің наиб имамы М. Асқар, Департаменттің өзіндік қауіпсіздік және жеке құрам бойынша инспекция тобының бас маманы Н. Сейдуллаев қатысуымен, №3,5 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерін тарта отырып “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңы талаптарын орындау, жемқорлыққа жол бермеу, алдын-алу мәселелері” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
«Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.