Шымкент

Шымкентте құтқарушылар демалыс күндері халыққа қызмет көрсету жұмыстарын атқарды

Шымкент қаласының ТЖ департаменті жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары демалыс күндері 6 рет халыққа қызмет көрсету жұмыстарына шыққан. Оның ішінде 3 рет жылан аулау бойынша, 2 рет сақинаны шешу жұмыстарына шығып, 1 рет жас балаға көмек көрсетті.

Құтқару қызметінің «112» нөмеріне сағат 19.02-де Тұран шағын ауданында Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде 4 жастағы балаға көмек қажеттілігі туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел-құтқару жасақтың құрамында 4 адам бар құтқару бөлімшесі оқиға орнына жетіп, 4 жасар ер баланың қолын ет турағыш құралы шайнап қалғаны, қолын шығарааламай жатқанын анықтады.

Құтқарушылар гидравликалық және слесарлық құралдарын қолдана отырып, ет турағыш құралды кесіп, баланың қолын темір құрсаудан босатты. Медициналық көмек қажет болғандықтан, оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне  сағат 14.30-да Сайрам тұрғын алабында Ибрагим ата көшесі бойында жол-көлік оқиғасы барысында көлік ішінде қысылып қалған адамға көмек қажеттілігі туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, «BMW-525» маркалы және ВАЗ-21099 маркалы автокөліктердің соқтығысқаны салдарынан ВАЗ-21099 маркалы автокөлігінде қысылып қалған 2003 жылы туған жүргізушіні авариялық-құтқару құрал-жарақтарын көмегімен босатты. Сонымен бірге жол көлік оқиғасына ұшыраған көліктерінде өртті алдын алу мақсатында аккумулятордан тоқ көздерін ажыратты. Зардап шеккен жүргізушіні түрлі дене жарақатымен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Жол-көлік оқиғасы өртсіз болды.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің диспетчерлік қызметінің «101» пультіне  сағат 15.24-те Әл-Фараби ауданы Төлеби көшесінде өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнында 150 ш. м. алаңда екі қабатты «Темірлан» тұрмыстық техника дүкенінің шатыры, сондай-ақ 650 ш. м. алаңда жапсарла соғылған қойма жанған. Өрттің жалпы ауданы 800 ш. м. құрады.

Back to top button