Шымкент ТЖД: Балалардың терезеден құлауы алаңдатып тұр
Соңғы жылдары елімізде пластик терезелердің көбеюі балалардың қауіпсіздігіне кесірін тигізіп тұр. Әсіресе жаздың күндері терезені торға сеніп ашық қалдыру салдарынан оған сүйенемін деп терезеден құлап кету оқиғаларын көбейтуде.
Балалар қаншалықты қауіпті екеніне қарамастан ашық терезелерге ұмтылады. Сондықтан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары арнайы рейдтер ұйымдастырып, жиі алдын алу шараларын өткізуге мәжбүр.
Шымкентте жыл басынан бері балалардың терезеден құлауының төрт жағдайы тіркелді. Соңғы жазатайым оқиға 24 шілдеде тіркелген. Бұл туралы өткізілген брифингте айтылды.
Спикер ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Ирисмат Махмудов жазатайым оқиға туралы ақпаратты жеткізіп, сақтық шаралар туралы еске салды.
Бұрынғы үйлерде терезелер толық ашылмайтын, тек жоғарыдағы кішкене бөлігі желдеткіш ретінде ашылатын. Ал қазіргі үйлерде орнатылған пластикалық терезелердің ортасы толық ашылады және оны ашуға күш те қажет емес. Сондықтан ата-аналар тек жоғары жағы ашылатын терезе орнатқаны жөн. Бала терезені өз күшімен аша алмайтындай құрылғылармен жабдықтау керек. Балалар есін білмейтіндіктен оның қауіпсіздігіне ата-анасы жауапты. Балалар үйде болғанда бірінші кезекте олардың ата-анасына қауіпсіздік қағидаларын сақтау керек. Әрбір ата-ана баланың терезеден немесе балконнан құлауының қауіп-қатерін азайтуға арналған шараларды білуі қажет. Өз үйі бала үшін ең қауіпсіз жер болуы керек. Төтенше жағдайлар қызметі тарапынан ескерілетін ережелерді де ескерген жөн. Үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз, себебі назарыңызды бірнеше секундқа басқа жаққа аударсаңыз болғаны, ол бала өміріндегі соңғы сәтке айналуы немесе мүгедек болып қалуы мүмкін. Терезені тиісті қорғаусыз москит торларын қолданбау – балалар сенімді тірек ретінде қабылдай отырып, оларға сүйенуді жақсы көреді, содан кейін олармен бірге сыртқа құлайды. Баланың өздігінен терезені ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлпын орнатыңыз. Баланың терезе астына кірмеуі және төмен түспеуі үшін терезе жанына жиһаз қоймаңыз. Балкон немесе бөлме аралық шыны есіктердің жанында жинау барысында заттарды ретсіз қоюға болмайды, себебі бала сүрініп, жарақат алуы мүмкін.