Көкбұлақ каналына бір топ балалар ата-анасының қарауынсыз шомылуға келген
Көкбұлақ каналы шомылуға тыйым салынған. Соған қарамастан ата-аналар, жас балалар ескертулерге немқұрайлық танытып, шомылуды тоқтатпай жатыр.
Бір топ балалар ата-анасының қарауынсыз шомылуға келген.
Азаматтық қорғаныс басқармасының, Абай ауданы ТЖ басқармасының және аудандық полиция қызметкерлері бірлескен рейд жүргізді.
Тж қызметкері 7 жасар баланы құтқарды. Оқиға Бадам өзенінде орын алды, онда Тұран ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері судағы қауіпсіздік бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.
Жеті жасар бала ата-анасының қарауынсыз, балалар тобымен бірге Бадам өзеніндегі каскадты тірек құрылымының жоғарғы бөлігінде шомылды. Бұл жерде шомылуға тыйым салынған және өмірге қауіп төндіреді. Қала әкімінің қаулысына сәйкес шомылуға тыйым салынған 13 орын анықталды. Бадам өзені осындай орындардың бірі, оның бойында тыйым салу белгілері бар.
Баланың аяғы тайып кетіп, тіреуіштің түбіне құлап, шыға алмады. Тұран ауданы ТЖ басқармасының қызметкері азаматтық қорғау капитаны Рауан Ордабек рейд барысында оны дер кезінде көріп, қайсарлық танытып, қауіпсіз жерге арқалап шығарды. Балаға медициналық көмек қажет емес еді.
Құтқарушы мамандығы оңай емес. Мұнда болаттай мінез, батылдық пен ержүректік қажет. Құтқарушы тек мамандық емес, бұл өз ісіне деген ықылас. Рауан Ордабек бұған сенімді, ол бірнеше адам өмірін сақтап қалған нағыз батыл, ержүрек маман.
Тұран ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері Бадам өзенінің бойында рейдтерді тұрақты жалғастыруда. Шомылу маусымының барлық кезеңінде 60 рейд өткізілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтер кезінде Тұран ауданы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 8 адам тартылды.
Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шаралары, аурулардың пайда болу қаупін азайту және шомылу маусымы кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.