Шымкент

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алатын азаматтар қатарын арттыру мәселелері талқыланды

Шымкент қаласы адвокаттар алқасы адвокаттарының қатысуымен мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында халық арасында құқықтық кеңес беру және халыққа тегін заң көмегін көрсету мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне құқылы азаматтардың санын арттыру мақсатында алдағы уақытта халық көп шоғырланатын орындарда құқықтық акцияларды өткізу туралы ұсыныс-пікірлер айтылды.

Атқарушылық өндірістер бойынша дөңгелек үстел өтті. Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы атқарушылық округінің резонанстық (проблемалық) атқарушылық өндірістері бойынша Шымкент қаласының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің және Шымкент қаласы Әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімі басшысы м.а. қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел барысында проблемалық алименттерді өндіру бойынша нақты шаралар қабылдау, борышкерлердің бас тартуы жағдайында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту және құрылыс нысандарын бұзу, үйден шығару санатындағы атқару өндірістері бойынша резонанс туғызбау шаралары талқыланды.

Айта кетейік, пилоттық жоба аясында үміткерлер аттестация тапсырды. Шымкент қаласының болашақ нотариус, адвокаттары «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша» пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында аттестаттауды автоматтандырылған режимде тапсырды.

Back to top button