Мемлекеттік қызметтің маңызы мен жемқорлықтың алдын алу жолдары түсіндірілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Сыдықова, Шымкент қаласы Әділет департаменті, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Исабекова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы К.Каипназарова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Қамбардың қатысуымен Шымкент қаласы Әділет департаменті мамандарымен кездесу өтті. Басқосу барысында тиісті сала өкілдері мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайлы айтты. Департамент мамандары көкейлерінде жүрген өз ойларын ортаға салып, толыққанды жауаптар алды.
Нқа-ны мемлекеттік тіркеу саласындағы жаңашылдықтар туралы. Шымкент қаласының Әділет департаментімен 2023 жылдың 27 шілдесінде Шымкент қаласының мәслихатының қызметкерлерінің қатысуымен НҚА мемлекеттік тіркеу саласындағы жаңашылдықтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында НҚА мемлекеттік тіркеу саласындағы жаңашылдықтар туралы «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ҚР әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылдың 19 сәуірдегі Заңды іске асыру шеңберінде 2023 жылдың 26 маусымында қабылданған №408 «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы таныстырылды.
Тізбе бірқатар ведомстволық және өңірлік НҚА қабылдау рәсімін жеңілдетуге, мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған мемлекет жүргізіп отырған саясат қағидатына сәйкес келетін заңнамалық нормаларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы енгізілген өзгерістер талқыланды.