Шымкент

Балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу

Әл-Фараби ауданының прокуратурасы аудан аумағында аудандық полиция басқармасының және қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қызметкерлерімен бірге «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты, жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.

Іс-шара барысында аудан аумағында орналасқан ойын-сауық орындарына (ойынханалар, кафелер) қарау жүргізіліп нәтижесінде түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кәмелетке толмағандар анықталып олардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2-бөлігімен 10 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Аталған іс-шара бұдан әрі жалғасады.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі таңда өмірге көз – қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір сүруі де ықпал етеді. Жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көніл бөлуіне де байланысты. Қоғам кәмілеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататынын да кездестіріп жатамыз. Жасөспірімдермен қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, оқу орындарында тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, эканомикалық жағдай, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуінен т.б. Соңғы жылдары жастар арасында қылмыс жасау көбейді. Көбінесе қылмыстың мына түрлері жиі кездеседі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтық.

Back to top button