Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын мекеменің қызметіне тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары бұзылғандығы анықталды
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы 2022 жылы және 2023 жылдың өткен кезеңіндегі жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын мекеменің қызметіне заңнамамен қойылатын нормалар мен талаптарды сақтау заңнамаларының қолданылуына уәкілетті орган мамандарының қатысуында тексеру жүргізді.
Тексеру барысында бірқатар өрт қауіпсіздігі қағадаларының талаптары бұзылғандығы анықталды, атап айтқанда:
– қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқудан, өртке қарсы нұсқаулықтан өткендігін растайтын құжаттары ұсынылмады;
– мекемеде өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуациялау жоспарлары ілінбеген;
– мекеме аумағы жанғыш қалдықтардан (шөп), тазартылмаған және тағы басқа да бұзушылықтар.
Мекеме қызметкелерінің өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқудан, өртке қарсы нұсқаулықтан өтпегендігі жолаушылардың қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді.
Тексеру нәтижесінде аудан прокуратурасымен қадағалау актісі енгізіліп, мекеме өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 410-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.