Жаза басып, жаңылғандардың түзелуіне көңіл бөлеміз

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі Еңбекші ауданы әкімі аппараты жанынан құрылған ведомствоаралық топтың кезекті мәжілісі өткізілді.
Күн тәртібінде пробация қызметі есебінде тұратын адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралары пысықталды. Жұмыс тобының алдағы атқаратын жоспарлары талқыланды.
Пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі.
Пробацияның мақсаты: 1) күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу; 2) сотталған адамды әлеуметке қосу; 3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту:
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, медициналық көмек алу, орта білім алу, кәсіпті меңгеру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру), жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, психологиялық демеуді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдерді алу, Келу орнымен қамтамасыз етуді, оңалту іс-шараларын ұйымдастыруды, мәдени іс-шараларға қатысуға тартуды, әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультациялар ұсынуды қамтитын әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Жергілікті атқарушы органдары пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету саласындағы өкілеттіктерді атқарады.



