Абай ауданы: Көп қабатты тұрғын үйлерде түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Бүгінде қаламыз күн сайын жанданып, бір-бірінен көркі асатын сәулетті биік тұрғын үйлер бой көтеруде. Ал сол көпқабатты тұрғын үйлердегі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түрлі жұмыстар атқарылып келеді. Солардың бірі, Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және Тұран ауданы төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесе отыра, көп қабатты тұрғын үйлердегілердегі оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстары.
Түсіндірме жұмыстары Абай ауданына қарасты көп қабатты тұрғын үйлер мен тұрғындар көп шоғырланатын көше бойларында жүргізілді. Онда балалардың қауіпсіздігін сақтау, үйлердегі терезе мен есіктерді ашық қалдырмау, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі жөнінде түсіндіріліп, ақпараттық жаднамалық парақшалар тарқатылды.
Балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіпқатерге бейім болып келеді. Әсіресе 3-7 жастағы балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес, үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді.
Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты атааналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұраймыз.
Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?
- Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.
- Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.