Шымкент

Шомылу маусымы: Қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы мен Төтенше жағдайлар басқармасы бірлесе отыра, Қошқар ата өзені бойында «Жазғы маусымда судағы жүріс-тұрыс ережелері» тақырыбында қала тұрғындарына үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты – төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғалары кезінде алғашқы көмек көрсете білудің қарапайым жолдарын үйрету және алдын алу.

Түсіндірме жұмыстарының барысында тұрғындарға суға шомылу барысындағы қауіпсіздік ережелері, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды сондай-ақ, белгіленбеген су арналарының жағалауында суға шомылуға қатаң тиым салынатынын хабарлап, қауіпсіздік ережелері көрсетілген жадынама парақшаларын тарқатты.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының аумағында қазіргі таңда суға шомылуға рұқсат етілген 3 демалыс аймағы бар. Олардың ішіне қаламыздың орта бөлігінде орналасқан Қошқар ата өзені кіреді.

Шомылу маусымы кезінде жүздеген тұрғындар демалыс күндері суға жақындайды. Таза ауа, күн, шомылу тек рахат қана емес, сонымен қатар денені қатайтудың жақсы құралы болып табылады.

Балалар лагерьлерге, туристік жорықтарға, пикниктерге бармас бұрын, ересектер балаларды су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыруы керек.

Жақсы жүзе білу-суда қауіпсіз демалудың маңызды кепілдіктерінің бірі, бірақ есіңізде болсын, тіпті жақсы жүзуші де үнемі сақтық, тәртіп сақтау және суда жүру ережелерін қатаң сақтау керек. Шомылу алдында демалу керек. Жағадан алыс жүзбеңіз, ескерту белгілері бар жерде жүзбеңіз. Арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда шомылыңыз. Бейтаныс жерлерде шомылудан бұрын түбін тексеріңіз. Суға абайлап, баяу кіріңіз, су беліңізге жеткенде, тоқтаңыз суға тез сүнгіп шығыңыз. Ешқашан жалғыз жүзуге болмайды, әсіресе егер сіз өз қабілеттеріңізге сенімді болмасаңыз. Жалған апат сигналдарын бермеңіз.

Суға шомылған кезде сақтық шараларың сақтаңыз!

Back to top button