Шымкент

“Сафари” демалыс аймағында “Сақтансаң сақтайды!” тақырыбында сақтық шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы мен Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасы бірлесе отыра, “Сафари” демалыс аймағында “Сақтансаң сақтайды!” тақырыбында сақтық шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты – балалар мен жас өспірімдердің өмірін сақтау және алдын алу, шомылу кезінде орын алған келеңсіз жағдайлардан қорғану жолдарын үйрету.

Түсіндірме жұмыстарында суға шомылу кезеңінде орын алатын келсеңсіз жайттардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, суға бату және суға батқан адамға көрсетілетін алғашқы жедел көмек түрлерін көрсетті.

Осыған байланысты, Сіздердің назарларыңызды су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға аударғымыз келіп отыр. Бірінші кезекте мыналарға:

– алкоголь және есірткіден мас болған күйінде суға түсуге және шомылуға;

– суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сонымен қатар осы мақсаттарға арналмаған жарақтардан секіруге;

– тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге;

– жүзу шегінен аспау үшін қойылған белгілерден асып жүзуге;

– жүзуге арналмаған заттармен пайдалануға;

– техникалық және ескерту белгілерін асып жүзуге;

– балалардың ересек адамдарсыз суға шомылуына тыйым салынады.

Сонымен қатар тамақ ішкеннен соң 1,5 сағаттан кейін ғана суға шомылған жөн.

Адамдардың суда қайғылы оқиғаларға ұшырауының басты себебі – жүзе білмеуі болып табылады. Жүзе білмеген адамға кенеттен түбі терең жерге барып қалу жеткілікті, қатты ағын немесе толқынның соғуы салдарынан адамдар тез арада өзін-өзі ұстай біледі, судан булығады және суға батады.

Адамдардың суда қаза болуының себептерінің бірі – тәжірибелі жүзушілердің өзін суасты ағыны ерік бермей тартады. Әсіресе, түбі анық көрінетін өзендер мен көлдер, су астындағы жартас шоқысы, тіреуіші, суға батқан зәкір, бөрене және т.б. сүңгуге қауіпті болып табылады.

Көбінесе, кенеттен сіңір тарту адамдардың қозғаласына кедергі келтіру салдарынан суға батып кетіп жатады. Сіңір тартудың себептері суда дененің тоңуы, бір қалыпты жүзу кезінде бұлшықеттің ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуінен оның жиырылуы, су температурасының ауысуы болып табылады.

Back to top button