Есірткі жарнамасына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Жастар ресурстық орталығы мен Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесе отыра, “Есірткіні жарнамалау және насихаттау” деректерінің алдын алу бағытында сауда нүктелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жастар арасындағы есірткінің алдын алу және күресу мақсатында өткен түсіндірме жұмыстарында сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген және есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын жазулары бар заттарды сатқаны үшін заңға сәйкес қандай жауапкершілік көздері қаралғандығы жөнінде айтылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге және сатып алушыларға жадынамалық парақшалар тарқатылды.
Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және еріктілер есірткіні жарнамалау және насихаттау деректерінің алдын алу мақсатында сауда нүктелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оның ішінде сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген адамның сезімі мен түйсіктеріне бейсаналық әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны айтылып, кәсіпкерлерге ақпараттық жадынамалар таратылды.
Синтетикалық есірткінің адам ағзасына зияны туралы айтылып та, жазылып жатыр. Осыған қарамастан жастар арасында аталған есірткіні қолданушылар қатары күн санап өсіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұл мәселе баса айтылды.
“Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде. Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқан. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастады. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып жатыр. Есірткіні, тіпті, үйге әкеп беретіндер бар. Бұл-аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел.
Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс. Сондықтан, Нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет”- деді Президент.