Шымкент: «Мейірім-жүректен» акциясы аясында оқушыларға профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Шымкент қаласында «Мейірім-жүректен» акциясы аясында жасөспірімдерге профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бүгін де жасөспірімдер арасында жасалған 59 қылмыстың 30-ы ұрлық (52%), 14-і тонау (24%), 3-і алаяқтық (5%), 2-і қарақшылық (3%) (3-і жарақат салу, 2-і есірткі сату), яғни барлығы 81%-ті (47 қылмыс) құрайды.
Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының бас прокуроры мәлімдеді.
Қоғам кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататынын да кездестіріп жатамыз. Жасөспірімдермен қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, оқу орындарында тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, экономикалық жағдай, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуінен т.б. Соңғы жылдары жастар арасында қылмыс жасау көбейді. Көбінесе қылмыстың мына түрлері жиі кездеседі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, жарақат салу, қарақшылық және алаяқтық. Жасөспірімдер қылмыс жасау барысында келеңсіз жағдай бола қалса адам өлтіру, ауыр дене жарақатын, қарақшылық жасауға дейін барады. Кәмелетке толмағандардың жасайтын қылмыстардың арасында ерекше орын алатыны бұзақылық. Кәмелетке толмаған кылмыскердің мінездемесін занды білмегенмен түсіндіруге болады. Бұл біріншіден жалпы халыктың құқтық сауатсыздығы, екіншіден жасөспірімдердің өздері заңға немқұрайлы қарауы, заңды толық білмеуі, олардың әділеттікке сенбеуін туғызады.
Жасөспірімдер арасында меншікке қол сұғу қылмысы да жиі жасалады. Сол себепті қылмыстың алдын алу аясында «Мейірім-жүректен» атты айлық акциясын өткізіп, 150 мектеп пен 38 колледжде 70 мыңнан астам оқушыға прокуратура қызметкерлері бағыт-бағдар беріп, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек, қала прокуратурасы бұл проблеманы 25 мамырда Үйлестіру кеңесінде талқылады. Құқық қорғау мен тиісті уәкілетті органға жұмысты жандандыру тапсырылды. Алайда бұл проблеманы ата-ананың қатысуынсыз біржақты шешу қиын болып отыр. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек.