Өрт сөндірушілер жүк тасымалдау автокөлігінде орын алған өртті ауыздықтады
Елге қызмет-абыройлы міндет. Бұл әрбір өрт сөндірушінің ұраны десекте болады. Күнделікті тілсіз жаумен күресіп, батылдық танытып жүрген қайсар өрт сөндірушілеріміз Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Абдулабат тұрғын алабында жүк тасымалдау автокөлігінде орын алған өртті ауыздықтап, өздерінің кәсібилігін тағы да дәлелдей білді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Шымкент қаласы аумағында 2023 жылдың 7 айында 109 өрт тіркелген (өткен жылмен салыстырғанда 7,9%-ға өскен (2022ж.– 101 өрт). Материалдық шығын 552 млн. 742 мың теңгені құрады,өткен жылдан 3 есе артқан. Құтқарылған материалдық құндылық 1 млрд. 363 млн. 430 мың. теңгені құраған.
Нәтижесінде өрттен 8 адам қайтыс болып, өткен жылмен салыстырғанда 8 есеге өскен (2022ж. – 1 адам, қаза болғандардың барлығы алкогольді масаң күйде болған). Биылғы жылы өрттен жарақат алғандар тіркелмеді, өткен жылмен салыстырғанда 100%-ға төмендеген (2022 жылы – 1). Тіркелген өрттердің негізгі бөлігін 75% тұрғын үйлер
(50 өрт, жалпы өрт санынан 47%) мен автокөліктердегі (34 өрт, жалпы өрт санынан 28%) өрт оқиғалары құрап отыр. Қалған 25 өрт немесе 27,3% өндіріс, сауда, қойма, әкімшілік объектілерде және ашық аумақтарда орын алып отыр.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің есебінде 93 жоғарғы қабатты тұрғын үй есепке алынған. (биіктігі 28 метрден асатын көп қабатты үйлер). Жоғарғы қабатты тұрғын үйдің 25 тұрғын үйінде қызмет көрсету мекемелері микро және шағын кәсіпкер болуына және мароторий жариялануына байланысты, 68 тұрғын үйінде пәтер иелері кооперативі (КСК) құрылмағандықтан, Департамент тарапынан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақталуы бойынша тексеру жүргізілмей келеді.
Осыған қарамастан, Департамент қызметкерлері тарапынан барлық пәтер иелеріне өрт қауіпсіздік талаптарын сақталуы туралы 70 үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жаднама парақшаларын таратып келуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.Жоғарғы қабатты тұрғын үйде өрт орын алған жағдайда Департаменттің қарамағында 3 бірлік Автоиінді көтергіш (Автоколенчатый подъемник), 5 бірлік автосаты (автолестница) және 1 бірлік автоцистерна-саты (АЦЛ-32), 2 дана кернеулі құтқару кілемі бар (натяжное спасательное полотно).