Шымкент қаласындағы Абай ауданы Тұрлан елді мекеніндегі көпқабатты тұрғын үйлерде сейсмикалық жаттығу өтті
Тренингте ТЖ қаупі төнген кезде қала тұрғындарының іс-қимылдары пысықталды. Іс-шараға тұрғын үйдің 80-нен аса тұрғындары, Абай ауданының ТЖ басқармасы мен әкімшілігі, Апаттар медицина орталығы филиалының бригадасы, өрт сөндіру бөлімдері қатысты.
Айта кетейік, Абай ауданы аумағындағы сейсмикалық жаттығулар қалалық азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын және өрт, жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде халықтың іс-әрекетін тексеруге бағытталған.
Оқу-жаттығудың барысында 7-8 бал жер сілкінісі орын алғанда, көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру, зардап шеккен тұрғындарды жоғарғы қабаттан эвакуациялау, қауіпсіз аймақта алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері пысықталды.
Өрт сөндіру автокөлігінің арнайы сатысымен шартты түрде зардап шеккен 2 адам жоғарғы қабаттан шығарылды. Апаттар медицина орталығы филиалының бригадасы алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, тұрғындарға заманауи құрал-саймандарымен таныстырып өтті.
Болуы мүмкін жер сілкінісі кезінде, терезелерден, ауыр жиһаздардан және тағы басқа да қауіпті нысан маңынан алыстатып, алдын ала дайындалған ғимарат ішіндегі қауіпсіз орындарға орналасу тәртібі де көрсетілді.
Шымкентте көпқабатты үйлерде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өтті. Оқу-жаттығу Абай ауданындағы Тұрлан елді мекенінде өтті. Тактикалық ойы бойынша отты абайсызда пайдалану нәтижесінде 9-қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт орын алды.
Өрт сөндіру қызметінің алғашқы бөлімшелері келгеннен кейін үй-жай отқа орнаған еді, екі адамды эвакуациялау қажет болды. Газ-түтіннен қорғау қызметтерінің буындарымен зардап шеккендер құтқарылып, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасына тапсырылды, өрт жойылды.
Оқу-жаттығу барысында бірқатар кіріспе жұмыстары жүргізілді, олардың бірі жоғары қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіру болды. Өрт сөндіру бөлімшелері автосатысының көмегімен биік ғимараттардан құтқару тәсілдерін көрсетті.
Биік ғимараттарда болуы мүмкін өрттердің негізгі себептері — жану мен от өнімдерімен эвакуациялау жолдарының оқшаулауы. Сондай-ақ, лифттер өрт кезінде адамдарды эвакуациялау құралы емес екенін есте ұстаған жөн.