Шымкент

Құрметті қала тұрғындары! Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауыңызды сұраймыз!

Шымкент қ.ТЖД «101» басқару пультіне сағат 18.57-де Еңбекші ауданы Айсүгір көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндіру бөлімшелері көлемі 120 ш. м. құрайтын тұрғын үй толығымен, ішінде үй заттары, жиһазы, тұрмыстық техникасы жанып жатқандығын, сондай-ақ үйдің ішінде газ баллон бар екендігін анықтады.

Тез арада өртті сөндіру, газ баллонды суыту жұмыстары жүргізіліп, 50 л. газ баллонды қауіпсіз аймаққа алып шығарылды.  Өрт 19.23-те оқшауланып, 19.42-де сөндірілді. Өрттің салдарынан 1992 жылы туған ер адам 19 % күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Жағдайы қанағаттанарлық.

Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталуда. Өртті сөндіруге Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 20 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» диспетчерлік пультіне сағат 02.06-да Әл-Фараби ауданы Түркістан көшесі бойында өрт орын алғандығы туралы хабаралама келіп түсті. Аталған мекенжайда 5 қабатты тұрғын үйге жапсарласа соғылған балалар киім дүкенінің көлемі 2 ш.м., «АстроЛомбард» жауапкершілігі шектеулі серіптестігінің көлемі 4 ш.м., «ARTECO» бояу студиясының көлемі 6 ш.м. сыртқы қаптамалары және 2,3,4 қабаттардағы балкондардың көлемі 9 ш.м.сыртқы қаптамалары, бір пәтердің ас бөлмесінің пластик терезесі жанды. Өрттің жалпы көлемі 21 ш.м. құрады.

Өрт сағат 02:27-де оқшауланып, сағат 02:46-да толығымен сөндірілді. Кауіпсіз жерге 9 адам шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 24 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Апат айтып келмейді. Сақтана жүрудің пайдасы болмаса, зияны жоқ. Әсіресе өрт кезінде ескерер қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған абзал.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін мектеп кезінен бастап үйретеді. Есте қалғаны бар, есте қалмағаны бар. Өрт, жер сілкінгенде, тағы да басқа төтенше жағдайларға байланысты арнайы жаттығулар да өтіп тұратыны белгілі. Ондай жағдайдан бетін аулaқ қылсын деп бейжай қарайтынымыз тағы бар.

Back to top button